«ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Podobné dokumenty
Бірінші басшының жеке кабинетте жұмыс істеу жөніндегі басшылығы

«Чехияда кездесейік» жобасына қатысу ережесі (әрі қарай «Жоба ережесі»).

Казимова Д.А. п.ғ.к. профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қалиева А. УИнф-305 тобының студенті академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Мазмұны ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015

2012 ЖЫЛҒА «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Операциялық жүйе.

МАЗМҰНЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ 34 ҚЫСҚАША ҚЫЗМЕТТІК НӘТИЖЕЛЕР 2 КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ 38 БАСШЫЛЫҚ ҮНДЕУІ 4 КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 8 ТҰРАҚТЫ ДАМУ 52

Соңғы уақыттары «Бархолка» базарын өрт шалуы әдетке айналғандай. Қара басазар таяуда ғана тағы да өрт құшағында қалды. Бұл жолғы өрттің ауқымы зор

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

МАЗМҰНЫ Қысқаша қызметтік нәтижелер 4 Компания профилі 5 Негізгі қызметтік көрсеткіштер 5 Қызмет ету географиясы 6 Жылдың негізгі оқиғалары 7 Басым мі

ГОДОВОЙ ОТЧЕТ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Ұлы Жібек жолы қайта жаңғыратын күн жақын

78 -сурет. Телефондық таратушы өткізгіш.

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Тарифтер ж. бастап күшіне енеді

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ТАҢДАМАЛЫ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ. Астана, с.

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ж е р і н і н. а у д а ғ. f f f ] Х а ж ы - 6 0, 2 м. А с т а н а с ы - П а

ТАБИҒАТТЫ ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТАУАРЛАР

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Komplexní překlady cizojazyčných textů, tlumočnický obchodní doprovod celosvětově

аа бб вв гг дд ее ѐё жж зз ии йй кк лл мм нн оо пп рр сс тт уу фф хх цц чч шш щщ ъ ы ь ээ юю яя

аа бб вв гг дд ее ёё жж зз ии йй кк лл мм нн оо пп рр сс тт уу фф хх цц чч шш щщ ъ ы ь ээ юю яя

жд к и ии П Ьн й ценки Д Ч П ед ИИПеци шьн й ценки Л ий уд Г Пк вк й л и Лин кийд м ин н ц е ельи ин и ц п лн н им н ни д еля Пк вк я л П л вкий й н ц

ДОБРЫЙ ДЕНЬ, ЭТО МЫ! Чacть A

Etelka Slab. Etelka Sans

Ú v o d e m Lekce 2: To je m o je. A ta m to ta k é < t? C D l / l l... 34

Doplnění ŠVP oboru vzdělání Kuchař číšník o výuku ruského jazyka od

Filijala: Zdravstvena ustanova: Datum popunjavanja: Naziv korisnika sredstava: Sediste: Maticni broj: PIB: Broj podracuna:

ЕГБи. г место бо ная Липецк й бл сти. Гл вньйсу я

POKYNY PRO AUTORY. Obecné požadavky. Struktura rukopisu. Citace

Дəріс1. Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы

УПУТСТВО ЗА ПРИПРЕМУ РУКОПИСА ЗА ШТАМПУ

B BACTEC MGIT 960 SIRE Kit

EWG W... CS PRAČKA NÁVOD K POUŽITÍ 2 KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

Acta Universitatis Palackianae Olomucensis. Facultas Rerum Naturalium. Mathematica-Physica-Chemica

PŘÍRUČKA PRO KAŽDODENNÍ POUŽITÍ

Acta Universitatis Palackianae Olomucensis. Facultas Rerum Naturalium. Mathematica-Physica-Chemica

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Uživatelský manuál. LabelManager 420P

EWG W... CS PRAČKA NÁVOD K POUŽITÍ 2 KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

Ruský program METODICKÝ LIST. INSPIRACE KANDINSKIJ Kreativní vzdělávací program Kulturní rozmanitost jak žijí Rusové ZPRÁVA PRO PEDAGOGA. kamaradi.

Д Е СЕ Т И М Е ЂУ Н А РОД Н И ФЕ СТ И ВА Л ДО КУ МЕН ТАР НОГ ФИЛ МА BEL DOCS НИ ЈЕ ЈОШ МРАК, БЕ О ГРАД, МАЈ 2017.

Vítá e Vás v restauraci

Cera Round Pro. bringing warmth to the Latin, Кириллица and Ελληνας scripts.

C O S M E T I C P A C K A G I N G

Stormtype.com Amor Pro page 1

Filijala: Zdravstvena ustanova: Datum popunjavanja: Naziv korisnika sredstava: Sediste: Maticni broj:

ПОABO * I w*- У GTK, GTW, GTX PNEUMATICKE POHONY TYPU GTK, GTW, GTX ПНЕВМОПРИВОД ТИП GTK, GTW, GTX

На основу члана 108. Закона о јавним набавкама (''Сл. гласник РС'' бр. 124/12 ), директор ПУ Ната Вељковић Крушевац доноси:

Dobromirova ev. (Do), еже не

Dodatek III: ke školnímu vzdělávacímu programu. Zelená budoucnosti

Stormtype.com. Walbaum Grotesk 1

SurePath Collection Vial

Zregistrujte svůj výrobek a získejte podporu na adrese. CD191 CD196. Příručka pro uživatele

Rozšířená uživatelská příručka. Rádi vám vždy pomůžeme M550 M555. Zregistrujte svůj výrobek a získejte podporu na adrese

MAMUT II BED FRAME. 140x200, 160x200, 180x200 USER MANUAL

MASARYKOVA UNIVERZITA PEDAGOGICKÁ FAKULTA. Katedra ruského jazyka a literatury

Stormtype.com. C D c d C D c d C D c d. c d C D c d C D c d C c d C D c d C D c d C D. D c d C D c d C D c d C. Walbaum Pro 1

& Normatica Display! neutral type for text & headlines. Normatica. Foundry CarnokyType. Designed by Samuel Čarnoký. Design date

Obsah. Úvod Teoretické základy... x» Příručka strojního inženýra. 1.1 Technické systém y (TS), vym ezení oblasti C M S...xx

Mezislovanský jazyk a jeho srozumitelnost pro členy jednotlivých slovanských národů

mmmmmmmmmmmmmmimnnmmmmmmурок 7

Matematicko-fyzikálny časopis

Bulharský program METODICKÝ LIST. INSPIRACE HLAHOLICE Kreativní vzdělávací program Kulturní rozmanitost jak žijí Bulhaři ZPRÁVA PRO PEDAGOGA

ZÁPADOČESKÁ UNIVERZITA V PLZNI FAKULTA PEDAGOGICKÁ. Diplomová práce

Alverata. A contemporary typeface with roots in early Europe, by Gerard Unger. about the typeface

PROBLÉMY ČESKÝCH RODILÝCH MLUVČÍ VE VÝSLOVNOSTI RUSKÝCH SAMOHLÁSEK. Bakalářská práce. Brno 2015

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

MORFOLOGICKÉ ZMĚNY V MYOKARDU PO DEFIBRILACI

Acta Universitatis Palackianae Olomucensis. Facultas Rerum Naturalium. Mathematica-Physica-Chemica

V O BOR N Í K N I GRI N I K I P I E L

Acta Universitatis Palackianae Olomucensis. Facultas Rerum Naturalium. Mathematica-Physica-Chemica

MAX UVE Specimen Collection Kit

Montaż. Instalace tiskárny. Összeállítás. Комплект. Wstępne ładowanie tuszu. Prvotní doplnění inkoustu. Első tintafeltöltés

Instalační návod. Инструкция по установке

RUSISMY V APOŠTOLÁŘI OCHRIDSKÉM. Pavel VYSKOČIL, Praha

Srovnání výslovnosti měkkých hlásek v ruském a českém jazyce

Magnetické chování dihydrotetraorthofosforitanu trojnikelnatého a trojkobaltnatého

Kinetika oxidace ethanolu a methanolu peroxodvojsíranem draselným za přítomnosti stříbrných iontů

ENGLISH General description (Fig.1) Important safety information

Redoxni potenciál kysličníku stříbřitého v okyselené stříbrné soli

MINULÉ ČASY V BULHARŠTINĚ

Z e l n š 1 8 Hovězí m aso dušené s kořenovou zeleninou a červeným zelím 19 Vietnam ský zelný salát s kachním masem 20 Strapačky se zelím 22

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

VYSOKÉ UČENÍ TECHNICKÉ V BRNĚ BRNO UNIVERSITY OF TECHNOLOGY ROZPOZNÁVÁNÍ ŘEČÍ PRO VYBRANÉ JAZYKY SPEECH RECOGNITION FOR SELECTED LANGUAGES

Acta Universitatis Palackianae Olomucensis. Facultas Rerum Naturalium. Mathematica-Physica-Chemica

6і1 Taylorova formule.. C p.1/5

První písmeno vždy znamená druh žhavení:

Časopis pro pěstování matematiky a fysiky

ZÁKLADNÍ ŠKOLA V PROSEČI U SKUTČE

Pedagogické testy a problémy Jejich použiti v pedagogické praxi

Podręcznik konfiguracji i instalacji. Instalační příručka. Üzembe helyezési útmutató. Руководство по установке. Посібник зі встановлення


Плоттер Epson SureColor SC-T5100N (C11CF12302A0): Инструкция пользователя

ve vodném roztoku dihydrofosforitanu sodného NaH 2 při 25 C

User manual. Always here to help you

BT721x. Danger -- Keep the supply unit dry (Fig. 2).

Transkript:

a g n a t o r a t s a h #z «ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Менің жас көмекшілерім, достарым! Ел Президенті ретінде мен әрқашан сендердің өсіп-өркендеулерің үшін барлық қажетті жағдайды жасадым. Cендердің бүгінгі күндеріңе және келешектеріңе деген қамқорлық барлық уақытта да менің саясатымның негізгі мәні болып келеді. Бүгінде біз сендердің тұлғалық кемелденулерің мен білім алуларың үшін мейлінше қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырдық. Тек бәсекеге қабілетті, заманға сай білімі бар, сұранысқа ие кәсіби маман бола отырып қана Қазақстанның табысты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ете аласыздар. Сендердің жеке жетістіктерің жақындарыңның, ауыл-аймақ, қалаларың мен тұтас Отанымыздың да табысы екенін ұмытпаңдар! Сендердің алдарыңда Қазақстанның ХХІ ғасырдағы абыройлы орнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл үшін біздің қоғамымызға тән әлеуметтік жарасымды, келісім мен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтауларың қажет. Халқымыздың бірлігі «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың басты факторы. Дамыған 30 елдің қатарына ену біздің ортақ мақсат, бұл межеге жету миллиондаған қарапайым азаматтарымыздың өмірін түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді. Әлем дағдарыс пен тұрақсыздық кезеңіне аяқ басты. Дей тұрғанмен, дағдарыс алға өркендеудің де жаңа мүмкіндігі болмақ. Жаңа мүмкіндіктерін ұсынатын «Нұрлы Жол» бағдарламасы біздің тың ойлы, жаңа қуатты жастардың күш салып, жасампаздық танытатын алаңы да осы! Бес институттық реформа: қазіргі заманғы, кәсіби мемлекеттік аппарат, заңның үстемдігі, индустрияландыру және экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет біздің алға жылжуымыздың басты алғышарттары. 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға!» бағдарламасы бұл Қазақстанның жарқын болашағы үшін жастардың жасайтын нақты шараларының кешенді жиынтығы. Бағдарлама еліміздің бас Стратегиясының идеяларын бойына сіңіріп, бес халықтық реформаны жүзеге асыруға бағытталған. Көп нәрсе сендердің еңбекке, білімге ұмтылыстарыңа, белсенді азаматтық ұстанымдарыңа, тек өздерің мен туыстарыңның ғана емес, жалпы Отанымыздың болашағына деген жауапкершіліктеріңе байланысты болмақ. Мен сендерге, жастарға, Тәуелсіздігіміздің сан алуан жетістіктерін, халқымыздың бірлігі мен қоғамдық келісімді дамыта отырып, Қазақстанды әлемнің жетекші 30 елінің қатарына қоса алатындарыңа сенімдімін! Сендерге ауызбіршілікті, қуатты, өз күштеріңізге сенімді болуларыңызды тілеймін. Сендерді ұлы жеңістер, зор жетістіктер күтіп тұр! Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

«ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-8 Н» - STAR А Т О С A «ЖА Н #ZH Ы У I. Б ЖАҢА БІЗ МЫЗ БІЗ КІМ ДА ҰМТЫЛА ДІ БІЗ ҚАЙ ІКТІРЕ АРЫМЫЗ Р І Б Е Н ҚТ БІЗДІ ДЫЛЫ Н Ұ Қ БІЗДІҢ МЫЗ АЙ ҚАНД С-ҚИМЫЛЫ З І Ы БІЗДІҢ СЫНЫСЫМ Ұ БІЗДІҢ 9-20!» ТАНҒА О ОЛЫ» Ж Р К І А Т Т С «ЖАС ДЫҢ ЖЕТІ Е II. Р Қ ЖӘН А Т Ы С Д А Л Ж Ы ОТАНШ ЫҚ ДАМУ ТҰЛҒА Л ЫС МТЫЛ БИ ДАМУ Ұ Е Г ӘСІ БІЛІМ ӘНЕ К Ж К Е ЕҢБ СЫ І ОТБА Л Е К Е БЕР 21-26 0 02 ISION2 V #.» Н АС ОТА Ж «III. буын Жаңа а р ң е а д з ж і».с ге тамын ға тиіссіздер сіздер р а н т е і М м ү «лу ев қтарға үшіне айна азарба ы Н д н н а а к т т л қазақс ң қозғаушы Нұрсұ ы т бағыт

«Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға үміт артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» Нұрсұлтан Назарбаев I. «ЖАС ОТАН» ЖАҢА БУЫН #ZHASTAR 5\

БІЗ КІМБІЗ Біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, өркениетті ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көреміз. Біз «Нұр Отан» партиясымен бірге өз күш-қуатымыз бен білімімізді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдырамыз. «Жас Отан» елінің жарқын болашағына сенетін және уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне қарсы тұруға дайын отаншыл жастардың ақыл-ойы мен тілегін тоғыстырады. Тарихи дамуының 15 жылы ішінде біз еріктілер қозғалысынан ең ірі жастар ұйымына дейінгі жолдан өттік. Біз Елбасының Мемлекеттік бағытын жақтаушы жастар коалициясының негізіне айналдық. Еліміздің Тұңғыш Президенті идеяларының іске асыруда жас қауымға жол бастаушы біз боламыз. «Жас Отан» барлығы үшін ашық Қазақстанның бүкіл жастарының қажеттіліктері мен талпыныстары бізге жақын және маңызды. «Жас Отан» жаңа күш-қуаттың, білімдердің, идеялардың, жаңашылдықтың қайнар көзі. Бұл XXI ғасырдағы «Нұр Отан» партиясы лидерлігінің кепілдігі. \6

БІЗ ҚАЙДА ҰМТЫЛАМЫЗ Біздің миссиямыз барлық жастарға табысқа жетудің жолын ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. БІЗДІ НЕ БІРІКТІРЕДІ Біз болашағы біртұтас ұлтпыз. Бізді ел ертеңіне деген жауапкершілік және Қазақстанды бұдан да мықты мемлекетке айналдыру ниеті біріктіреді. Еліміздің тәуелсіздігі біздің басты байлығымыз. Қазақстанның өркендеуі біздің ортақ идеямыз. Біз барлық күш-жігерімізді мемлекеттілікті нығайту мен елді дамытуға бағыттаймыз. БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ Біздің бәріміз, бір халықтың балалары, алдағы уақытта да негізгі құндылықтарымыз ортақ шаңырағымыз Қазақстан Республикасындағы бейбітшілікті, бірлік пен келісімді қорғайтын боламыз. Біз адамның баға жетпес жеке тұлғасын, оның бостандығы мен құқығын мойындауға негізделген әділеттілік пен заң үстемдігі идеяларына адалмыз. Бұл құндылықтар Елбасының бес институционалдық реформасы мен «Нұр Отан» партиясы саяси Доктринасының негізін құрайды. Біз отбасы институты мен дәстүрді нығайту, ұрпақтар мен рухани мұрамыздың сабақтастығын қамтамасыз ету мемлекеттігімізді дамытудың және өзіндік ерекшелігімізді сақтап қалудың негізі болып табылатынына сенімдіміз. БІЗДІҢ ІС-ҚИМЫЛЫМЫЗ Біз баршаға ашықпыз. Біз келешекке батыл қараймыз. Бос сөз бен жалаң ұранның орнына біз нақты әрекетті жөн көреміз. 7\

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСЫМЫЗ Біз еліміздегі жастар ұйымдарымен бірге әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыра отырып, нақты іс-қимыл жасаймыз. Біз мықты азаматтық қоғаммен, белсенді және жауапкершілігі жоғары үкіметтік емес ұйымдармен өзара әріптестік қарым-қатынас болғанда ғана транспарентті және есепті мемлекеттің қалыптасу мүмкіндігіне сенімдіміз. «Жас Отан» өз жұмысында «Нұр Отан» партиясының негізгі қағидаттары ашықтық, жауапкершілік, есептілік пен тиімділікті басшылыққа алады. Біз үнемі алға жүру үшін жинақталған тәжірибелерден ең жақсысын пайдаланамыз! Біз әр жас қазақстандықтың жетістігін бүкіл мемлекетіміздің игілігіне айналдыра отырып, байтақ Отанымыздың барлық өңірлерінде жұмыс істейміз! Біз күнделікті жұмысымыздың болашаққа қосқан үлесіміз бен баршамыздың ортақ табысымыз екеніне сенімдіміз! Біз Қазақстанның одан әрі нығая түсуі үшін еліміздің барлық жастарын Елбасының Мемлекеттік бағыты төңірегіне бірігуге шақырамыз. Бүгінгі таңда елімізде жастардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіби және зияткерлік даму, өзімізді таныту және шығармашылық үшін біздің алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған. Әр жас қазақстандық өмірден өзіне лайық орнын табуы қажет. Біз, жасотандықтар, жастардың табысқа жетуі үшін олардың жолын ашуға тиіспіз. Сондықтан бүгін біз «Жастар Отанға!» жастардың жетістік жолы» бағдарламасын ұсынамыз. Біздің Бағдарлама бұл тек идеологиялық бағдар ғана емес, сонымен бірге игілікті келешектің нақты қадамдары. Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы біз жас қазақстандықтардың табысқа жетуіне және өз елінің дамуына үлес қосуына мүмкіндік береміз. \8

II. «ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» 9\

«Жастар - Отанға!» жастардың жетістік жолы» бұл табысты болу және сұранысқа ие болу мүмкіндігі, қоғамға пайда келтіру, тек жеке басы мен туыстары үшін ғана емес, Отанының болашағы үшін де жауапкершілік алуға дайын болу. Біз үшін әр адамның жетістігі бүкіл еліміздің де игілігі! Жастарды табысқа апаратын жол төрт кілтпен ашылады: отаншылдық пен тұлғалық даму, білімге ұмтылу, еңбек пен кәсіби даму, берекелі отбасы. \10

«Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу Мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс» Нұрсұлтан Назарбаев ОТАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ Біз СЕНІМДІМІЗ: - Отанға деген махаббат тұлғалық дамудың негізі болып табылатынына; - Отаншылдық бұл елің мен өз халқыңның абыройы, отандастарына көмектесуге тырысу, болашақ үшін бірігіп жұмыс істеу екеніне; - Тұлғалық дамудың кепілі салауатты өмір салты, үнемі рухани даму мен өзін-өзі жетілдіру болып табылатынына; - Адамның табысқа жетуін оның дүниетанымы мен сенімінің беріктігі, мінезінің мықтылығы, белсенді азаматтық ұстанымы мен қабылдаған шешім үшін жауапкершілігі анықтайтынына. 11\ 11\

\12

ОТАНШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ 13\ Біз ТИІСПІЗ: Отаншылдық тәрбие жүйесін жетілдіруге белсене ат салысуға: бейбітшілік, бірлік, келісім, қоғамдағы сенім арқылы; - отандастарымызға, аға ұрпаққа, табиғатқа құрметпен қарау арқылы; - Отанымыздың тарихи және мәдени мұрасын терең және жүйелі түрде зерделеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу арқылы; - балалар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» ұйымын жан-жақты қолдау арқылы; - әскери-техникалық мектептер мен әскери-патриоттық клубтар желісін одан әрі дамыту арқылы. Еріктілер қозғалысын жалпыұлттық деңгейге шығаруға: - еріктінің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін «Еріктілер туралы» заң жобасын қабылдау арқылы; - жастардың алдағы уақытта кәсіби дамуы үшін еріктілікті әлеуметтік лифт ретінде дамыту арқылы.

Жастардың бос уақытын пайдалы өткізіп, бұқаралық спортқа тартылуы, сондай-ақ шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға: - қызығушылықтары бойынша үйірмелер, аула клубтарын ашу және дамыту, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру арқылы; - жастарды спорт секциялары мен мектептерге жаппай тарту, жас спортшыларды қолдау арқылы. Жастар арасында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясын кеңейту арқылы біздің ұлттық мәдениетіміздің, тіліміз бен дәстүріміздің әралуандығын сақтауға ықпал етуге. «Жас Ұлан» қозғалысына және әскери-патриоттық клубтарға жастарды тарту арқылы жастар арасында діни экстремизм мен радикализмнің таралуына қарсы тұруға. Құқықтық мәдениетті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал етуге. \14

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» Нұрсұлтан Назарбаев БІЛІМГЕ ҰМТЫЛЫС Біз СЕНІМДІМІЗ: - Білім мен өзін-өзі үздіксіз дамыту адам және ел табысының кепілі екеніне; - Білім болашаққа салынған ең бағалы инвестиция болып табылатынына; - Бүгінде елімізде өмірдің барлық кезеңінде жан-жақты білім алуға және оқуға барлық мүмкіндіктер бар екеніне. Біз ТИІСПІЗ: Білім құндылығын және инновациялық тұрғыда ойлау үрдісін кеңінен таратуға: - олимпиадалар және байқаулар, инновациялық жобалардың жеңімпаздары мен қатысушыларын ынталандыру арқылы; - әдеби кештер өткізу және тақырыптық интернет-жобалар жасау арқылы; - тренингтер, семинарлар және әлеуметтік жобалар ұйымдастыру арқылы; - интернет мүмкіндіктерін пайдалы қолдануға үйрету арқылы (практикалық тапсырмаларды шешу, қажетті ақпаратты іздеу, мемлекеттік және өзге қызметтерді алу). Жас адамның кәсіби бағытын ерте таңдауына және өз өмір жолын саналы түрде қарастыруына ықпал етуге. Техникалық және кәсіби білім алудың дуалды үлгісін дамытуға ықпал ету, менторлық және тәлімгерлік институтын құруға. Инновациялық-ғылыми қызметтің дамуын қолдауға: - жастар арасында инновациялық және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру арқылы; - индустрияландыру бағдарламасы бойынша еліміздің инновациялық ЖОО-ларының ғылыми зерттеулеріне студенттерді қатыстыру арқылы; 15\

- стартап және инновациялық жоба байқауларын ұйымдастыру арқылы; - Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары, ЖОО, мектептерде кәсіпкерлік негіздерін оқыту арқылы. Жаңаша білім алудың негізгі құралы ретінде тілдің үштұғырлығын тілдік курстар мен оқыту әдістемелерін дәріптеп тарату арқылы ілгерілету: Білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық үлгісін қалыптастыруға және енгізуге қатысуға: - меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу арқылы; - біліктілікті (кәсіби жарамдылықты) дәлелдеудің тәуелсіз жүйесін дамыту арқылы; - педагогтар мен оқытушылардың кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру арқылы; - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамдық бақылауды күшейту арқылы. \16

«Ұлттық байлығымыздың, әл-ауқатымыз бен әлеуетіміздің түп негізі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Нұрсұлтан Назарбаев ЕҢБЕК ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ Біз СЕНІМДІМІЗ: -Табысқа апаратын жолдың еңбексүйгіштіктен басталатынына; - Еңбек өз талантыңды танытудың және құрмет-қошеметке қол жеткізудің сара жолы екеніне; - Мемлекет тарапынан мамандық алу және жұмысқа орналасу үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына; - Еңбекке деген жауапкершілік және кәсібилікті тұрақты арттыру азаматтың жеке табысы және ел дамуына қосқан үлесі болып табылатынына; - Кез-келген еңбек және әр мамандық ел мен халық үшін маңызды екеніне. Біз ТИІСПІЗ: Жастар жұмыссыздығы деңгейінің төмендеуіне ықпал етуге: - жастарды жұмысқа орналастыру үшін жан-жақты көмек көрсету арқылы; - «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде ауқымды инфрақұрылым құрылысына жастарды тарту арқылы; - білім алушы жастарға мамандық таңдауға және жұмысқа орналаса алмаған жастарға көмек көрсету арқылы. 17\

Партияның кәсіби кадрлық корпусын қалыптастыруға қатысуға; - өңірлік және салалық деңгейде еңбек сіңіру қағидаты бойынша табысты кәсіби даму үлгісін қалыптастыру арқылы; - ел дамуының басты бағыттары бойынша болашағынан үміт күттіретін қазақстандық жастады үнемі іріктеп отыру арқылы. Жастар арасында шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етуге: - іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру арқылы; - кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың несие желілеріне және оқыту курстарына жастардың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы; - табысты жеке компаниялардың тағылымдамадан өту, жұмыспен қамту және жастарды оқыту мәселелеріндегі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы Мемлекеттік және жеке секторда біліктілікті үздіксіз арттырып отыру жүйесін дамытуға: - аға қызметкерлердің жастармен еңбек тәжірибесімен бөлісуі үшін менторлық пен өндірістік тәлімгерлік арқылы; - кәсіби шеберлік байқауларын өткізу арқылы; - негізгі салаларда жас мамандарды даярлау және біліктілігін арттыруға арналған қолданыстағы бағдарламаларды түсіндіру арқылы. \18

«Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді» Нұрсұлтан Назарбаев БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ Біз СЕНІМДІМІЗ: - Отбасы адам өміріндегі ең қымбат дүние екеніне; - Отбасында үйлесімді жетілген және табысты тұлғаның даму негіздері қалыптасатынына, ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етілетініне; - Отбасы өзара қолдау көрсету дәстүрлерін, еңбек сүйгіштікті, мінез-құлық мәдениетін және адам құқығы мен бостандығын сыйлауды қалыптастыратынына; - Аға буынды қолдау жастардың адамгершілік парызы болып табылатынына; - Әр қазақстандық отбасының жетістігі тұтас мемлекеттің жетістігі екеніне. Біз ТИІСПІЗ: Үлкенге ізет, жастардың некеге, отбасыға және жауапты ата-ана болуға саналы және қастерлі қарымқатынастын қалыптастыруға ықпал етуге. Жас отбасылардың құқықтық және психологиялық көмекпен кеңірек қамтылуына ықпал етуге. Жас отбасыларды қолжетімді баспанамен және балабақша орындарымен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге қол жеткізуге: - жас отбасыларға арналған жалдамалы баспананың, сондай-ақ балабақша орындарының бөлінуіне қоғамдық бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету арқылы; - жастарды тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру арқылы. 19\

Жас отбасылардың бос уақытын өткізу саласын дамытуға ықпал етуге: - бос уақытты өткізу бойынша ұсынылатын қызметтерге қолжетімдікті арттыру арқылы; - қызығушылықтары бойынша түрлі клубтар мен қауымдастықтар құру, байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастыру арқылы; - қоғамдық ұйымдарды жас отбасылармен белсенді жұмыс жасауға тарту арқылы. \18 \20

ІІІ. «ЖАС ОТАН». 21\ #VISION2020

Біз Қазақстан жастарының жаңа буынымыз, Тәуелсіздік буынымыз. Бізге 2050 жылғы Қазақстанды құру және өмір сүру тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бірлесе отырып, елімізді «Топ-30» әлем мемлекеттері қатарына жеткіземіз. Бізден бұрынғы ұрпақтар қол жеткізген жетістіктердің бәрін сақтап және көбейте отырып қана біз XXI ғасырда тұрақты дамуды қамтамасыз етеміз. Біз 2020 жылға қарай жас ұрпақтың бойында жеке табысқа ұмтылу және өзін-өзі дамыту, отаншылдық пен азаматтық белсенділік, еңбек сүйгіштік пен кәсібилік, отбасы және салт-дәстүр сияқты құндылықтарды қалыптастыру үшін жағдайлар мен инфрақұрылым жасалатынына сенімдіміз. Біздің буын XXI ғасырда болашағы біртұтас ұлттың өзегі болуы тиіс. \22

БІЗ БЕЛГІЛЕГЕН МЕЖЕ Бүгінгі күні Елбасы саясатының, аға буынның қажырлы еңбегінің, жастардың қоғамдық өмірге кеңінен қатысуының арқасында жастардың халықаралық даму индексі бойынша Қазақстан 30 жетекші елдің қатарында тұр (27 орын). 23\

2020 жылға қарай Қазақстанның осы рейтинг бойынша 20 елдің қатарына қосылуы «Жастар - Отанға!» бағдарламасын іске асырудың нәтижесі болмақ. Бұл мыналардың есебінен мүмкін болады: Біріншіден, еріктілер қозғалысын дамыту арқылы жастардың азаматтық белсенділік индексін арттыру. Екіншіден, жастардың өкілдік көрсеткішін және сайлауға қатысу деңгейін жоғарылату арқылы жастардың саяси белсенділік индексін көтеру. Үшіншіден, жастар арасында жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату арқылы жұмысқа орналастыру индексі бойынша алдыңғы қатардағы позицияларды сақтау. Төртіншіден, жастардың сауаттылық деңгейін көтеру және білім берумен қамту арқылы білім беру саласының индексін одан әрі жоғарылату. Бесіншіден, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың үлесін көбейту арқылы денсаулық сақтау саласының индексін арттыру. «Жастар Отанға!» бағдарламасын тиімді түрде жүзеге асыру үшін кешенді шаралары және нақты көрсеткіштері бар Жол картасы әзірленетін болады. \24

#P.S. Біз әрбір жас азамат өз өмірінде табысқа қол жеткізе отырып, еліміздің өркендеуіне ықпал етеді деп есептейміз. Тек ұлттық идея төңірегінде біріге отырып қана біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреміз. Жастық және лидерлікке ұмтылу бұл «Мәңгілік Елдің» сарқылмас қозғаушы күші. Біз жастардың Елбасының Мемлекеттік бағыты мызғымастығының және XXI ғасырда Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі екеніне сенімдіміз. 25\

«ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ #zhastarotanga www.zhasotan.kz