78 -сурет. Телефондық таратушы өткізгіш.

Podobné dokumenty
Казимова Д.А. п.ғ.к. профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қалиева А. УИнф-305 тобының студенті академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Бірінші басшының жеке кабинетте жұмыс істеу жөніндегі басшылығы

Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Операциялық жүйе.

«Чехияда кездесейік» жобасына қатысу ережесі (әрі қарай «Жоба ережесі»).

МАЗМҰНЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ 34 ҚЫСҚАША ҚЫЗМЕТТІК НӘТИЖЕЛЕР 2 КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ 38 БАСШЫЛЫҚ ҮНДЕУІ 4 КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 8 ТҰРАҚТЫ ДАМУ 52

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Мазмұны ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015

ГОДОВОЙ ОТЧЕТ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Identifikátor materiálu: ICT-3-50

Соңғы уақыттары «Бархолка» базарын өрт шалуы әдетке айналғандай. Қара басазар таяуда ғана тағы да өрт құшағында қалды. Бұл жолғы өрттің ауқымы зор

2012 ЖЫЛҒА «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

МАЗМҰНЫ Қысқаша қызметтік нәтижелер 4 Компания профилі 5 Негізгі қызметтік көрсеткіштер 5 Қызмет ету географиясы 6 Жылдың негізгі оқиғалары 7 Басым мі

Ұлы Жібек жолы қайта жаңғыратын күн жақын

«ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Komplexní překlady cizojazyčných textů, tlumočnický obchodní doprovod celosvětově

Použité pojmy a zkratky

Тарифтер ж. бастап күшіне енеді

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Rozdíl mezi ISDN a IDSL Ú ústředna K koncentrátor pro agregaci a pro připojení k datové síti. Pozn.: Je možné pomocí IDSL vytvořit přípojku ISDN.

Дəріс1. Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

ТАБИҒАТТЫ ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТАУАРЛАР

Název Kapitoly: Přístupové sítě

Připojení k rozlehlých sítím

B BACTEC MGIT 960 SIRE Kit

O2 Czech Republic - FINANČNÍ A PROVOZNÍ VÝSLEDKY

ZÁKLADY INFORMATIKY VYSOKÁ ŠKOLA BÁŇSKÁ TECHNICKÁ UNIVERZITA OSTRAVA FAKULTA STROJNÍ. Ing. Roman Danel, Ph.D. Ostrava 2013

Masarykova univerzita v Brně. Pedagogická fakulta. Moderní technologie počítačových sítí

Obchodní podmínky migrace na pevné internetové služby

ТАҢДАМАЛЫ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ. Астана, с.

co to znamená pro mobilního profesionála?

21. INFORMAČNÍ A KOMUNIKAČNÍ TECHNOLOGIE

Technologie v metalických přístupových sítích

Max. v pohotovosti: 220 h Max. doba hovoru: 4 h

PŘÍRUČKA PRO KAŽDODENNÍ POUŽITÍ

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Úvod. Základní informace o šetření

PŘÍLOHA 3 RÁMCOVÉ SMLOUVY O KOLOKACI. Definice a seznam zkratkových slov

Počítačové sítě shrnutí

PŘÍLOHA 15 SMLOUVY O ZPŘÍSTUPNĚNÍ ÚČASTNICKÉHO KOVOVÉHO VEDENÍ. Technická specifikace

A Telekomunikační a internetová infrastruktura

IV. KAPITOLA - INTERNETOVÉ PŘIPOJENÍ A PROPOJENÍ

Digitální televize nejvyšší kvality s unikátními TV funkcemi společně s nejrychlejším internetem na optické síti Měsíční paušál

Mobilní komunikace. Vývojové trendy sítě GSM (2G) a 3G. Petra Píšová

VYUŽITÍ INFORMAČNÍCH PANELŮ NA SLOUPECH VEŘEJNÉHO OSVĚTLENÍ

Příloha č. 1 ke Smlouvě o poskytnutí přístupu k veřejné komunikační síti Vodafone formou národního roamingu. Příloha č. 1. Služby

Ceník základních služeb pro firemní zákazníky

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

Internet Historie a Typy připojení

Úvod. Základní informace o šetření

Úvod do počítačových sítí. Teoretický základ datových komunikací. Signály limitované šířkou pásma. Fyzická úroveň

Mobilní sítě. Počítačové sítě a systémy. _ 3. a 4. ročník SŠ technické. Ing. Fales Alexandr Software: SMART Notebook

CCNA The Internet and Its Users. CCNA 2: 1. The Internet and It s Users 1

Komunikační služby v sítích IP pro integrovanou výuku VUT a VŠB-TUO

ZAVEDENÍ HODNOCENÍ KVALITY ŘEČI DO PRAKTICKÉ VÝUKY

Typy a specifikace rozhraní používaných v síti ČESKÉHO TELECOMU, a.s.

Ж е р і н і н. а у д а ғ. f f f ] Х а ж ы - 6 0, 2 м. А с т а н а с ы - П а

Fyzická úroveň. Teoretický základ datových komunikací. Fourierova analýza

Web n walk NÁVOD PRO UŽIVATELE. Manager

LTE/HSPA+ datová brána. Uživatelský manuál.

Mobilní sítě Produktovody pro mobilní data. Hynek Urban, Nokia Siemens Networks

Postup instalace UMTS modemu Huawei K3765 od Vodafone (SalixOS, ZenWalk, Slackware)

Certifikace MZŘ - samostudium

EWG W... CS PRAČKA NÁVOD K POUŽITÍ 2 KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

Identifikátor materiálu: ICT-3-04

Inovace bakalářského studijního oboru Aplikovaná chemie

Základní informace o šetření

České vysoké učení technické Praha Fakulta elektrotechnická, katedra radioelektroniky. Semestrální práce 37MK MOBILNÍ KOMUNIKACE

Přístupové sítě nové generace - NGA. Jiří Vodrážka

5. GSM/UMTS RÁDIOVÉ ROZHRANÍ, DATOVÉ PŘENOSY

Úvod. Základní informace o šetření

INTERNET. Vypracoval: Mgr. Marek Nývlt

SurePath Collection Vial

T-Mobile Internet. Manager. pro Windows NÁVOD PRO UŽIVATELE

Použité pojmy a zkratky

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

DUM: VY_32_INOVACE_584

Inovace bakalářského studijního oboru Aplikovaná chemie

A Telekomunikační a internetová infrastruktura

Seznam školení (1/3)

Zkušenosti poskytovatele síťových služeb. GiTy, a.s. Ing. Zbyněk Horák, Produkt manažer

Aktuální trendy ve správě rádiového spektra

ČESKÉ VYSOKÉ UČENÍ TECHNICKÉ V PRAZE FAKULTA DOPRAVNÍ. Optimalizace umístění rdslamů v síti elektronických komunikací

STŘEDNÍ PRŮMYSLOVÁ ŠKOLA NA PROSEKU. TV, kabelové modemy

MAX UVE Specimen Collection Kit

Komunikační technologie pro chytré sítě v energetice Aktivity ústavu Telekomunikací v oblasti chytrých sítí

Název práce: Internet způsoby připojení prezentace

Karta předmětu prezenční studium

Mobilní a satelitní systémy

3 h 5 min Paměť: 64 MB ROM + 32 MB RAM + Mini SD Funkce adresáře:

Netradiční připojení k internetu

Marketingová analýza produktu mobilní data společnosti T-Mobile ČR

Perspektivy bezdrátových sítí a IP Vojtěch Vrba

Tento projekt je spolufinancován Evropským sociálním fondem a státním rozpočtem České republiky.

INTER: předpona ve významu mezi, tedy komunikace mezi propojenými sítěmi, nebo také ve významu international, tedy mezinárodní, celosvětový.

VYSOKÁ ŠKOLA EKONOMICKÁ V PRAZE

PŘÍLOHA 5 SMLOUVY O ZPŘÍSTUPNĚNÍ ÚČASTNICKÉHO VEDENÍ. Definice a seznam zkratkových slov

EU-OPVK: VY_32_INOVACE_FIL7 Vojtěch Filip, 2013

Transkript:

6-модуль. Интернет желісіне қосылу Интернет желісіне қосылуға қоятын талаптар ең төмен болғанымен, қарапайым үй қолданушыларының өзінде Интернетке қалай қосылуға болады деген сұрақ туындайды. Ал басқалары модемдік қосылу, бөлінген каналдардың түрлі əәдістері мен сымсыз байланыс түрлері арасынан ыңғайлысын таңдау мəәселесін шешу керек. Сондықтан бұл модульде сіз интернетке қосылу əәдістері жəәне олардың ерекшеліктерімен танысатын боласыз. Мұнда осы күндері ескі болып саналатын интернетке телефондық модем арқылы қосылудан бастап, сымсыз желілердің үшінші буынына дейін қарастырылады. Технологияларды қарастырмас бұрын Интернетке қосылу түсінігіне анықтама беріп кетейік. Интернетке қосылу Интернетке шығуды қамтамасыз ететін əәдістер мен құралдар жиыны. Интернетке қосылу технологиясының түрлері Интернетке қосылу технологиясын 2 түрге бөлуге болады: сымдық қосылу жəәне сымсыз қосылу. 1.Сымдық қосылу телефон желісін, коаксиалды кабель, бұрамалы жұп жəәне талшықты-оптикалық кабельді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Енді солардың əәрқайсысына жеке тоқталып кетейік. Телефондық таратушы өткізгіш ғимарат ішінде стационарды жасырын жəәне абоненттік ашық телефондық немесе тармақталған хабар тарату желісіне арналған екі немесе төрт тінді кабель. Кабельдің мысалы 1-суретте келтірілген. 78 -сурет. Телефондық таратушы өткізгіш.

Коаксиалды кабель (латын тілінен: co бірге жəәне axis ось, яғни «өстес»), сонымен қатар коаксиал деген атпен де танымал (ағылшынша coaxial), бір осьте орналасқан орталық өткізгіштен жəәне экраннан тұратын электр кабелі. ƏӘдетте жоғарғы жиіліктегі сигналдарды жіберу үшін қолданылады. 79-сурет. Коаксиалды кабель Коаксиалды кабель құрамы 2-суретте келтірілген: 1 ішкі өткізгіш, 2 изоляция (тұтас полиэтилен), 3 сыртқы өткізгіш, 4 қабық (жарыққа тұрақтандырылған полиэтилен) Бұрамалы жұп (ағылшынша twisted pair) айырылған өткізгіштердің бір немесе бірнеше өзара оралған жұбынан тұратын байланыс кабелінің түрі, сыртынан пластикалық орамамен қапталады (3-сурет). 80-сурет. Бұрамалы жұп

Оптикалық талшық шыны немесе пластик сияқты оптикалық мөлдір материалдан жасалған, толық шағылысуды қолдану арқылы ішінде жарық тасымалдауға арналған желі. 81-сурет. Оптикалық талшық 2.Сымсыз байланыс Байланыстың бұл түрі нақты бір жиілік аралығындағы радиотолқындар арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы негізгі түсінік радиосəәуле шашу. Радиосəәуле шашу (радиотолқындар, радиожиіліктер) толқындарының ұзындығы 5 10 5 10 10 метр жəәне жиіліктері сəәйкесінше 6 10 12 Гц-тен бірнеше гигагерцке дейін жететін электромагниттік сəәулелену. Радиотолқындар радиожелілерінде мəәлімет жөнелту үшін пайдаланылады. 82-сурет. Жоғарыда аталған өткізгіштердің немесе радиотолқындардың нақты бір түрін пайдалану арқылы Интернетке шығу технологияларының келесі түрлерін алынады:

Сымдық байланыс технологиялары: Dial-up ISDN xdsl FTTx Ethernet DOCSIS PLC Сымсыз байланыс технологиялары: GPRS & EDGE UMTS / WCDMA (HSDPA; HSUPA; HSPA; HSPA+ ) CDMA / (EV-DO) Wi-Fi DECT Жерсеріктік Интернет WiBro&WiMAX LTE iburst Қазақстанда жоғарыда аталғандардың барлығы кеңінен қолданылмайды, ал кейбіреулері енді ғана енгізілуде. Интернетке қосылудың осы күнгі ең танымал жəәне таныс əәдістерін қарастырайық. Сымдық байланыс технологиялары. Dial-Up - телефондық модем арқылы қосылу Қазіргі уақытта əәрбір үйде дерлік қарапайым телефон бар жəәне бұл аппарат телефон желісіне қосылған. Интернетке қосылу үшін сіздің компьютеріңіз осы желіге қосылады. Қосылудың бұл түрінің қолайсыздығы сіз интернет желісінде отырған кезде телефоныңыз бос болмайды (сізбен телефон арқылы байланысу мүмкін болмайды.) Dial-Up (қолданушы компьютері провайдер серверіне телефон арқылы қосылатын жағдай) аналогтық телефон желісі арқылы коммутацияланатын қатынау, мəәліметтер жөнелту жылдамдығы 56 Кбит/с-қа дейін; Технология ескірген болып табылады, бірақ қол астыңызда телефон желісі мен компьютер бар болса оны кез келген уақытта қолдануға болады. Біздің елде қызметтің бұл түрін Қазақтелеком ұсынады. ƏӘйтсе де секундына 56 килобайт жылдамдық көп ресурсты заманауи сайттарды жүктеуге жеткіліксіз.

ƏӘйтсе де қосылудың бұл түрінің басты кемшілігі, сіз Интернетте отырған кезде телефон желісінің бос болмауы болып қала береді, себебі Интернетте отыратын болсаңыз үй телефонынан қоңырау шала алмайсыз. ISDN ISDN (ағылш. Integrated Services Digital Network қызметтердің интеграциясы бар сандық желі) сандық телефон желісі арқылы жүзеге асырылатын қатынау. ISDN-ді қолданудың басты ерекшелігі - Dial-Up қатынаумен салыстырғандағы ақпарат жөнелтудің жоғары жылдамдығы. Ақпарат жөнелтудің жылдамдығы байланыстың бір каналын қолданған кезде 64 Кбит/с, екі каналын қолданған кезде 128 Кбит/с құрайды. Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынау Қосылудың бұл түрінде де телефон желісі қолданылады бірақ бұл қосылуда дауыс жиіліктері емес, қолданылмайтын жоғарғы жиіліктер пайдаланылатын болады. Бұл əәдіс алдыңғы əәдістерге қарағанда қолайлы, себебі сіздің телефоныңыз бос болғандықтан, сізге қоңырау шалуға болады. DSL (Digital Subscriber Line) кабельді модемді қолданып аналогтық телефон желісі арқылы Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін сандық абоненттік желілер тобы. Бұл технология (жалпы xdsl атауына біріктірілген ADSL, VDSL, HDSL, ISDL, SDSL, SHDSL, RADSL) 50 Мбит/сқа дейінгі (нақты жылдамдығы 2 Мбит/с-қа дейін) жылдамдыққа дейінгі жоғарғы жылдамдықтағы қосылуды қамтамасыз етеді. xdsl технологиясының негізгі артықшылығы - абоненттік телефон желісіне өзгеріс енгізбестен, телефон желілерімен мəәліметтер тасымалдау жылдамдығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі болып табылады. Қолданушы телефонмен байланысын сақтай отырып Интернетке қатынау мүмкіндігін алады. ADSL (ағылшынша Asymmetric Digital Subscriber Line ассиметриялық сандық абонент желісі) ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line ассиметриялық сандық абоненттік желі) технологиясы қолда бар телефон желісін мəәліметтерді өте үлкен жылдамдықпен жіберуге, қолдануға мүмкіндік береді. Мəәліметті абонентке тасымалдау жылдамдығы секундына 8 Мбитке дейін жетеді, ал абоненттен тасымалдау жылдамдығы секундына 1,5 Мбитке дейін жетеді. Бұған қарамастан Интернетпен жұмыс жасау кезінде телефон бос болады.

ADSL жүйесін енгізгеннен қарапайым телефон желісінің сапасы төмендемейді. Қатынасуды ұйымдастыру технологиясы келесідей: абоненттік желінің екі жағында, яғни қолданушыда да, АТС-да да сплиттерлер деп аталатын арнайы құрылғылар қойылады. Олар жиілігі бойынша мəәліметтер ағыны мен дауыстарды бір-бірінен ажыратады. Сплиттерде оған қарапайым телефон мен ADSL-модемді қосуға мүмкіндік беретін қосу ұяшығы бар. Модем сыртқы болып табылады, оны компьютерге қосу үшін желілік тақша болуы керек. Бұл құрылғыны орнатқан соң интернетке жоғары жылдамдықта қосылу қызметін қолдануға болады. 83-сурет. ADSL технологиясы бойынша қатынау ұйымдастырудың принциптік схемасы. Егер корпоративтік қажеттіліктер үшін байланыстың тұрақты жоғары жылдамдығы керек болса, оның ең жақсы шешімі жеке сандық канал (мысалы, оптоталшықтық желіні қолдану арқылы) немесе радиоқатынау болып табылады. Бұл Интернетті үйде қосудың Қазақстанда ең кең таралған технологиясы болып табылады. Оны провайдерлердің көпшілігі қолданады. Біздің елде ADSL технологиясы бойынша Интернет-қызметтерін жеткізуші ең ірісі Megaline. Провайдердің бағалары мен тарифтік жоспарларын мына сілтемеден көруге болады:http://megaline.kz/ru/rates/megaline/ Бірақ 2012 жылдан бастап FTTx (Fiber Optic) технологиясы қарқынды енгізіле бастады. FTTH FTTH - оптоталшық технологиясына (fiber to the home) негізделген Интернетке қатынау əәдісі.

«Fiber to the home» технологиясы техникалық мəәселелердің көпшілігін жеңіл жəәне тиімді шешуге мүмкіндік береді жəәне секундына 100 Мбитке дейін жететін мəәліметтер жөнелтудің ең жоғары жылдамдығымен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл технология сапалы жəәне жоғары жылдамдықта Интернетке қатынау əәдісі болып табылады. Бұл технологияны елімізде Қазақтелекомның idnet қызметінің негізінде қолданылады. Егер Megaline жəәне idnet қызметтерінің арасында таңдау керек болса, онда соңғысы бағасының шамалы болғанына қарамастан жылдамдығының шамамен 12 есе жоғары болуына байланысты озық болып табылады. Fast Ethernet Интернетке жергілікті желі бойынша қатынау (Fast Ethernet). Қосылу желілік тақта арқылы (10/100 Мбит/с) жүзеге асырылады, мəәліметтерді тасымалдау жылдамдығы магистралды аймақтарда 1Гбит/с-қа жетсе, тұтынушы үшін 100 Мбит/сек-қа дейін жетеді. Қолданушы компьютерін Интернетке қосу үшін пəәтерге телефон сымынан бөлек жеке кабель (бұрамалы жұп) жүргізіледі. Интернетке ерекшеленген желілер бойынша қосылу (аналогтық немесе сандық) Ерекшеленген желі бойынша қатынау бұл интернетке қосылудың келесідей түрі: қолданушы компьютері провайдер серверіне бұрамалы жұп түріндегі кабель арқылы қосылған жəәне бұл байланыс тұрақты болып табылады. Мəәліметті жөнелту жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді. Кабельді Интернет ( coax at a home ) Кабельді телеарна каналдарын қолдану арқылы Интернетке қосылу, мəәліметтер қабылдау жылдамдығы 2 мен 56 Мб/сек аралығында. Қазіргі кезде мəәліметтер тасымалдаудың екі архитектурасы белгілі, бұлар симметриялық жəәне ассиметриялық архитектуралар. Бұдан басқа қосылудың екі жолы бар: а) кабельді модем əәрбір қолданушының пəәтерінде бөлек орнатылады; б) кабельді модем Интернет қызметінің бірнеше тұтынушылары тұратын үйде орнатылады. Қолданушыларды ортақ кабельдік модемге қосу

үшін жергілікті желі қолданылады жəәне бəәріне ортақ Ethernet құрылғысы орнатылады. Бұл технология бойынша Интернет-қызмет көрсетуді Кабельді телеарналар қызметтерін жеткізуші Алма-ТВ, ICON, Digital TV секілді компаниялар жүзеге асырады. Бірақ бұл технология бағасы жоғары жəәне мəәлімет тасымалдау жылдамдығы төмен болғандықтан Қазақстанда кең қолданыс тапқан жоқ. Сымсыз байланыс технологиялары Сымсыз байланыс технологияларының соңғы буыны өкілдеріне мыналар жатады: Мобильдік GPRS Интернет (EDGE 2.5G) WiFi WiMAX Мобильдік CDMA үшінші буын Интернеті (3G) RadioEthernet MMDS LMDS Қазақстанда сымсыз технологияның келесі түрлерін қолдану кеңінен таралған: WiFi, GPRS, 3G. Жақын арада желілердің қарымды төртінші буынын ендіру жоспарлануда. GPRS (General Packet Radio Service) Бүгінде əәр адамда дерлік ұялы телефон бар. Жаңа телефон алған кезде оның қорабында сіздің телефоныңызды data-кабель арқылы компьютермен байланыстыратын орнатушы диск бар, байланыс орнаған соң Интернетке шығу жүзеге асырылады. Бұл əәдістің қолайсыз жақтары оның ең қымбат жəәне өте баяу болуы. Себебі байланыстың бұл түрінде Интернеттің парақтары сіздің компьютеріңізге өте ұзақ жүктеледі. Егер парақтың өлшемі өте үлкен болса, оның толық жүктеліп болуы тым ұзақ болып кетуі мүмкін. Барлығы байланыс операторына байланысты. Мобильдік GPRS Интернет. GPRS технологиясының негізінде "Мобильдік Интернет" қызметін қолдану үшін кіріктірілген GPRS модемі бар телефон жəәне компьютер болуы керек. GPRS технологиясы секундына 114 килобайтқа дейінгі ақпаратты жөнелту жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұл технологияны қолданған кезде байланыс құны Интернетпен байланысу

ұзақтығы емес жөнелтілген жəәне алынған ақпараттың қосынды көлемімен белгіленеді. Сізде HTML-парақтарды қарау, файлдарды көшіру, электронды поштамен жұмыс жасау жəәне Интернеттің басқа кез келген ресурстарымен жұмыс жасау мүмкіндігі болады. GPRS технологиясы - GSM негізгі желісінің дамытылған түрі болып табылады. EDGE - өзінің негізін салушы GSM/GPRS желілерінің жалғасы болып табылады. EDGE технологиясы (дамытылған GPRS немесе EGPRS) GPRS технологиясына қарағанда мəәлімет жөнелтудің жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етеді (200 Кбит/сек-қа дейінгі жылдамдық). EDGE (2,5 G) бұл 3G технологияға жасалған алғашқы қадам. Қазақстандағы «Мобильді Интернет» қызметін ұсынатын компаниялар ұсынатын қызметтер негізінде Интернетке GPRS арқылы қосылудың мысалдарын қарастырайық. BEELINE-ның «Мобильдік Интернет қызметі» Сіз өз телефоныңызды модем ретінде қолдана аласыз: 1. Ол үшін алдымен сіздің телефоныңыз GPRS технологиясын қолдайтынына көз жеткізіп алыңыз 2. Одан соң телефонда келесі комбинацияны *110*181# теріңіз де, қоңырау шалу батырмасын басыңыз. 3. Одан соң Интернеттің ұялы телефонға арналған баптауларын орнатыңыз: 800 номеріне «i» мəәтінімен хат СМС-хат жіберіңіз Баптауларды сақтаңыз Телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, PIN-код сұраған кезде 0000 енгізіңіз 4. Ары қарай телефонды компьютерге USB-кабель арқылы қосыңыз (Интернетте шолу жасау үшін сізге GPRS Explorer бағдарламасы керек болады, оны www.beeline.kz сайтынан ала аласыз). Бұл желіде жұмыс жасаған кезде Интернетпен жұмысыңызды тоқтатпайақ қоңыраулар қабылдай аласыз. Билайнның «Мобильдік GPRS-интернет» қызметі «Үш қызмет пакетінде» ұсынылады, бұл пакетке MMS, Мобильдік GPRS-Интернет жəәне GPRS-WAP қызметтері кіреді. 1 мегабайттың құны бүгінде 24 теңге. ACTIV-тің «Мобильді Интернет қызметі» Активтің «Мобильді Интернет» қызметі мəәліметтерді пакеттерін сымсыз тасымалдау технологиялары GPRS немесе EDGE негізінде ұсынылады. Телефонды баптау

«Мобильді Интернет» қызметін белсенді ету жəәне телефонға қажетті баптауларды алу келесі əәдістердің бірі арқылы жүзеге асырылады: 1. СМС-хат көмегімен номер 800 нөміріне internet мəәтіні бар SMS-хат жіберіңіз; 2. Infoпарк көмегімен *123# комбинациясын теріңіз -> «Баптаулар» (Настройки) бөлімін таңдаңыз - > «Internet» -> «Қосу» (Подключить); 3. Жедел команда көмегімен *123*6*3*1# комбинациясын теріңіз. Бірнеше минут ішінде сізге автоматтық баптаулар сіздің нөміріңізге жіберілгендігі SMS-хат келеді. Кейінірек телефоныңызда міндетті түрде сақтау керек баптаулар туралы ақпарат бар SMS-хат аласыз немесе ол ақпарат телефоныңыздың экранында пайда болады. Баптауларды сақтаған соң қызмет іске қосылады. Егер қандайда бір себептерге байланысты баптаулар алынбаса, телефонды қолдан баптау керек болады. Компьютерді баптау Негізгі баптау параметрлері: Қашықтықтан қосылу телефонының номері *99# немесе *99***1# APN internet TCP/IP баптаулары. IP-адресті автоматты түрде алу. DNS-сервердің адресін автоматты түрде алу. Модемді инициализациялау жолы:at+cgdcont=1,"ip","internet" Кесте 2. Байланыс құны Тарифтік жоспар Жіберілген/алынған мəәліметтердің 1 мегабайтының бағасы 08:00-20:00 20:00-08:00 «Зачетный», «Особый» тарифтік жоспарларынан басқа тарифтік 24,64 24,64 жоспарлардың барлығына «Зачетный» 20, 81 12, 88 «Особый» 20 12 Бұл кестедегі уақыттар Астана уақыты бойынша көрсетілген. Шындығына келгенде бүгінде (2.5G) технологиясы ескірген жəәне үлкен шығындарды талап етеді. Оның орнын Wi-Fi и 3G технологиялары басты.

Wi-Fi WiFi (Wireless Fidelity мəәліметті сымсыз дəәл жеткізу) Интернет желісіне кең жолақты қатынау технологиясы. Тұтынушыға ақпарат жөнелту жылдамдығы секундына 54 Мбит-ке жеткізілуі мүмкін. Олардың əәрекет ету аймағы 50 70 метрден аспайды. Сымсыз қатынау нүктелері пəәтер, ғимарат аумағында немесе ірі қалалардағы қоғамдық орындарда қолданылады. Кафе немесе ресторанның қонақтары ноутбугінде немесе жеке қалта компьютерінде Wi-Fi контроллері болса, Интернетке жылдам қосыла алады. WiMAX WiMAX (Worldwide Interoperability for Microwave Access), WiFi технологиясына ұқсас Интернетке кең жолақты қатынау технологиясы. WiMAX радиоқатынаудың дəәстүрлі технологияларымен салыстырғанда негізгі станцияның көру аумағының сыртында шағылған сигналда да жұмыс жасай береді. Мамандардың пікірінше WiMAX-тың мобильдік желілері корпоративті тұтынушыларға арналған бекітілген WiMAX желісіне қарағанда қолданушылар үшін қызығырақ перспективалар ашады. Ақпаратты 50 км-ге дейінгі қашықтықта секундына 70 Мбитке дейінгі жылдамдықпен тасымалауға болады. CDMA (3G) Қазіргі уақытта CDMA технологиясы үшінші буындағы мобильдік байланыс қызметтерін ұсынады. Мобильдік байланыстың 3G технологиясы (third generation үшінші буын) Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауды, сонымен қатар видеотелефондық байланыс пен мобильдік телеарнаны қамтамасыз ететін қызметтер жиыны. Үшінші буынның мобильдік байланысы мəәліметтерді пакеттермен тасымалдау негізінде құрылған. 3G үшінші буын желілері шамамен 2 ГГц ауқымында жұмыс істейді жəәне мəәліметті 14 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен тасымалдайды. EDGE (3G) EDGE Enhanced Data-Rates For GSM Evolution каналдың үлкен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін жəәне GPRS-пен салыстырғанда тасымалдаудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін мəәлімет жөнелту

технологиясы. EDGE технологиясын қолдану үшін қосымша баптаулар керек емес - EDGE қамту аймағында мобильдік телефон оны автоматты түрде таңдайды. EDGE сөзі ашып оқығанда Enhanced Data rate for GSM Evolution, яғни дамып келе жатқан GSM-желілерде мəәлімет берудің жетілдірілген технологиясы дегенді білдіреді. Технологияның ерекшелігі қолданылып жүрген GSM желілеріне айтарлықтай жеңіл енгізілуі болып табылады. Бүгінде EDGE стандарты көптеген операторлық компанияларда экономикалық тиімді жəәне қымбат тұратын 3-буын желілерінің жеткілікті технологиялық баламасы ретінде қарастырылады. EDGE технологиясы ақпарат алмасу жылдамдығын GPRS-қа қарағанда в 2-3 есе арттыруға, жəәне желінің шамадан тыс жүктелуі кезінде 150-200 КБ/сек болатын максималды жылдамдыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғары жылдамдықты EDGE технолониясының артықшылықтары GSM желілерінің операторларына бүгіннен бастап «3-буын сервистерін» жүзеге асыруды бастауға мүмкіндік береді. Ол сервистерге мыналар жатады: нақты уақыт тəәртібіндегі мобильдік аудио/видеотрансляциялар (audio/video broadcasting), видеотелефония (video call), Интернет арқылы ойнау мүмкіндігі бар көп қолданушылық мобильдік ойындар (multiplayer games) жəәне т.б. Қазақстанда 3G технологиясы бойынша Интернет-қызметтер көрсететін үш ірі компания бар: Jet3G (Казахтелеком), Beeline, Kcell. Қазақстанда 3G технологиясын ең бірінші енгізген компаниялардың бірі Beeline компаниясының мысалында қарайық. BEELINE-ның «3G-модем» қызметі 3G технологиясын қолданып интернетке қосылу үшін USB-модем қолданылады. Beeline-ның USB-модемі бұл Интернетке шығу үшін сіздің компьютеріңізге қосылатын шағын құрылғы. USB-модемнің көмегімен сіз жаңалықтар оқи аласыз, əәлеуметтік желілерде мəәртебеңізді өзгертіп, суреттер қарай аласыз. USB-модемді компьютеріңізге қосқан соң қажетті баптаулардың барлығы автоматты түрде қосылады жəәне сіз бірден жылдамдығы 14,4 Мбит/с-қа дейін жететін Интернетті қолдана аласыз. Басқа провайдерлердің де 3G модемдерінің жұмыс жасау қағидасы жоғарыда сипатталғандай. Төменде Kcell жəәне Қазақтелеком

компанияларының модемдік интернет қызметтерінің сипаттамалары келтірілген: Kcell Connect Huawei E153 3G USB-модемінің құны 4500 теңге Мəәліметтер жөнелтудің жоғарғы жылдамдығы 7.2 Мбит/с Кемшілігі ретінде қаланың сыртында қамтудың нашарлауын айтуға болады. Қазақтелекомның Jet3G қызметі Jet3G-ң негізгі артықшылығы Лимитсіз тарифтік жоспарлардың болуы жəәне USB-модем бағасының арзандығы: Huawei модемінің құны 2300 теңге Лимитсіз тарифтік жоспарлар құны 2000 мен 3500 теңге аралығында. Қазақстанның интернет-провайдерлері Интернетке қатынау мүмкіндігін беретін провайдерлердің ең табыстыларының бірі ретінде - «Қазақтелеком» компаниясын жəәне жеке байланыс каналдары бар мынадай шағын компанияларды атауға болады: Alma-TV, Ducat, Beeline, Kcell, ICON, AOL, Nursat, ASTEL, DigitalTV, Sekatel, JET3G, Transtelecom, Space.kz (жерсеріктік интернет) жəәне т.б. Қазақстанда 30-дан астам интернет-провайдер бар, олардың ішіндегі ең ірі бесеуі интернет қызметтері нарығының 90 пайызын қамтиды. Қазақстандағы Интернет жəәне байланыс қызметтерін көрсету нарығы келесі негізгі сегменттерге нақты бөлінген: Коммутацияланатын үй интернеті Кең жолақты үй интернеті. Мобильді интернет. Корпоративті клиенттерге арналған интернет.