«Чехияда кездесейік» жобасына қатысу ережесі (әрі қарай «Жоба ережесі»).

Podobné dokumenty
Бірінші басшының жеке кабинетте жұмыс істеу жөніндегі басшылығы

Тарифтер ж. бастап күшіне енеді

Казимова Д.А. п.ғ.к. профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қалиева А. УИнф-305 тобының студенті академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

78 -сурет. Телефондық таратушы өткізгіш.

Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Операциялық жүйе.

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Соңғы уақыттары «Бархолка» базарын өрт шалуы әдетке айналғандай. Қара басазар таяуда ғана тағы да өрт құшағында қалды. Бұл жолғы өрттің ауқымы зор

Мазмұны ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015

Komplexní překlady cizojazyčných textů, tlumočnický obchodní doprovod celosvětově

Ұлы Жібек жолы қайта жаңғыратын күн жақын

МАЗМҰНЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ 34 ҚЫСҚАША ҚЫЗМЕТТІК НӘТИЖЕЛЕР 2 КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ 38 БАСШЫЛЫҚ ҮНДЕУІ 4 КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ 8 ТҰРАҚТЫ ДАМУ 52

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

2012 ЖЫЛҒА «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ГОДОВОЙ ОТЧЕТ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

МАЗМҰНЫ Қысқаша қызметтік нәтижелер 4 Компания профилі 5 Негізгі қызметтік көрсеткіштер 5 Қызмет ету географиясы 6 Жылдың негізгі оқиғалары 7 Басым мі

«ЖАСТАР ОТАНҒА!» ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІК ЖОЛЫ» «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

B BACTEC MGIT 960 SIRE Kit

ТАБИҒАТТЫ ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ТАУАРЛАР

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

PŘÍRUČKA PRO KAŽDODENNÍ POUŽITÍ

ЖОЛБАСШЫ-АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Ж е р і н і н. а у д а ғ. f f f ] Х а ж ы - 6 0, 2 м. А с т а н а с ы - П а

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

ТАҢДАМАЛЫ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ. Астана, с.

MAX UVE Specimen Collection Kit

Дəріс1. Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы

PŘÍRUČKA ZDRAVÍ A BEZPEČNOST, A PRŮVODCE INSTALACÍ

SurePath Collection Vial

EWG W... CS PRAČKA NÁVOD K POUŽITÍ 2 KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

Podręcznik konfiguracji i instalacji. Instalační příručka. Üzembe helyezési útmutató. Руководство по установке. Посібник зі встановлення

Плоттер Epson SureColor SC-T5100N (C11CF12302A0): Инструкция пользователя

Montaż. Instalace tiskárny. Összeállítás. Комплект. Wstępne ładowanie tuszu. Prvotní doplnění inkoustu. Első tintafeltöltés

SC-T7200 Series/SC-T5200 Series/SC-T3200 Series. Montaż. Sestavení. Összeszerelés. Монтаж. SC-T7200D Series/SC-T5200D Series. Montaż.

ENGLISH General description (Fig.1) Important safety information

EWG W... CS PRAČKA NÁVOD K POUŽITÍ 2 KK КІР ЖУҒЫШ МАШИНА ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ

MAMUT II BED FRAME. 140x200, 160x200, 180x200 USER MANUAL

BT721x. Danger -- Keep the supply unit dry (Fig. 2).

Οδηγίες για τη χρήση ΨΥΓΕΊΟ-ΚΑΤΑΨΎΚΤΗΣ. Használati útmutató KOMBINÁLT HŰTŐ/FAGYASZTÓSZEKRÉNY. Návod na použitie KOMBINOVANÁ CHLADNIČKA

HP6383, HP6382, HP6381

BT721x 1 ENGLISH. General description (Fig.1)

ZHC62352X ZHC92352X ZHC62653XA

User manual. Always here to help you

Příručka zdraví a bezpečnost, a Průvodce instalací Guía de salud y seguridad y de instalación Tervishoiu ja ohutuse ning paigaldamise juhend

HH 50 /HA HH 50 IX /HA/1 HHS 50 IX /HA HH 50 IX /HA. Οδηγίες χρήσης, 1. Használati útmutató tűzhely és a sütő. Pokyny pro použití 1

SU120/5, SU160/5, SU200/5, SU200/5E

Знакомство. Seznámení. Víte, že. Lekce 1

GB DESCRIPTION 1. Eggs and cream beaters 2. Dough hooks 3. Motor unit 4. Attachments release button 5. Speed mode switch 6. TURBO button 7.

Compact Voyager Twist HP4819

Съдържа: човешки албуминов разтвор. Obsah: Roztok lidského albuminu. Indeholder: Human albuminopløsning. Enthält: Humanalbuminlösung.

NÁVODY GRUNDFOS. Multilift MSS. Montážní a provozní návod

HR1999 HR

Съдържа: Човешки албуминов разтвор. Obsahuje roztok lidského albuminu. Indeholder: Human albumin opløsning. Enthält: Humanalbuminlösung.

На основу чл Закона о јавним набавкама ( Сл. гласник РС, бр. 124/12, 14/15 и 68/15) в.д. директора Завода за јавно здравље Зрењанин доноси

ДОБРЫЙ ДЕНЬ, ЭТО МЫ! Чacть A

УПУТСТВО ЗА ПРИПРЕМУ РУКОПИСА ЗА ШТАМПУ

GRUNDFOS INSTRUCTIONS. Sololift2 CWC-3. Installation and operating instructions

O výrobku DARK. Technické parametry. DARK je dlouhovlnný infrazářič IR-C, který sálá příjemné a halivé teplo.

MX25/MC110 PCB (2017/05) zz

Service-Kit WB

CS blue TS2 TS3 TS TS1 TS3 TS (2018/02) zz 1

аа бб вв гг дд ее ѐё жж зз ии йй кк лл мм нн оо пп рр сс тт уу фф хх цц чч шш щщ ъ ы ь ээ юю яя

Д Е СЕ Т И М Е ЂУ Н А РОД Н И ФЕ СТ И ВА Л ДО КУ МЕН ТАР НОГ ФИЛ МА BEL DOCS НИ ЈЕ ЈОШ МРАК, БЕ О ГРАД, МАЈ 2017.

NÁVODY GRUNDFOS ALPHA2/ALPHA3. Montážní a provozní návod

аа бб вв гг дд ее ёё жж зз ии йй кк лл мм нн оо пп рр сс тт уу фф хх цц чч шш щщ ъ ы ь ээ юю яя

B C E H J G XP3440 D.1-1 A D.1-2 D.1-3 D.1-4 D.1 D.2

ASTUCIO _ASTUCIO /11/11 16:07 Page1

LC A2. Installation and operating instructions GRUNDFOS INSTRUCTIONS

SBĚR NEBEZPEČNÉHO A VELKOOBJEMOVÉHO ODPADU

100Škoda 120 LŠKODA 1203Škoda 120MŠkoda 136LŠKODA FABIAŠkoda. FabiaŠkoda FabiaŠkoda fabiaškoda FABIAŠkoda Fabiaškoda fabia 1. 3

Table Stand DS-1. Quick install guide (2018/07)

Montážní a provozní návod

На основу чл Закона о јавним набавкама ( Сл. гласник РС, бр. 124/12, 14/15 и 68/15) в.д. директора Завода за јавно здравље Зрењанин доноси

Ruština pro samouky a věčné začátečníky

NÁVODY GRUNDFOS. Multilift MSS. Montážní a provozní návod

Dobráci roku. Dobráci roku

Русский руководство по эксплуатации - ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ

CG65SG1 IT/HA H. Italiano. Cesky. Spuštení a použití,50 Použití trouby,50 Opatrení a rady,52 Údržba a péce,53 Servisní služba,53. English.

Page 2 of 5. x4 x4 Z2 Z3. No.2+3

mmmmmmmmmmmmmmimnnmmmmmmурок 7

Čtvrtek 1. října od h v G klubu ELISABETH LOHNINGER QUARTET (USA) host: SIMPLE PLEASURES (Šumperk)

Výroční zpráva za rok 2016

Základní škola a mateřská škola, Ostrava-Hrabůvka, Mitušova 16, příspěvková organizace Školní vzdělávací program 2. stupeň, Druhý cizí jazyk

Střední Asie. Janyl Jusubjan

Huomautus Kanavien piilotus- ja esiintuontitoiminto ei ole käytettävissä televisioissa, jotka on toimitettu helmikuun 2012 jälkeen.

GRUNDFOS INSTRUCTIONS. Sololift2 D-2. Installation and operating instructions

AKCE 9/13. Kč 16,44 19,90 (s DPH) Kč 9,47. Pilsner Urquell 0,5 l. 10,90 (s DPH)

ED COMFORT PLUG insert instruction. ED 4FIT insert instruction. Artilux Swiss Safety AG Industriestr.15 CH-4410 Liestal

F1 SF EN 443 : 2008 GB BG CZ HU KZ PL RO RU SK. REF : GAAxx GABxx GACxx GADxx

Výroční zpráva za rok 2018

Quick Start Guide. Need some help? Smart Bulb. TP-Link Technologies Co., Ltd. Visit for User Guides, FAQs, Warranty & more

NÁVODY GRUNDFOS LC 220. Montážní a provozní návod

На основу члана 108. Закона о јавним набавкама (''Сл. гласник РС'' бр. 124/12 ), директор ПУ Ната Вељковић Крушевац доноси:

Need some help? Quick Start Guide. Smart Bulb. TP-Link Technologies Co., Ltd. Visit for User Guides, FAQs, Warranty & more

Miss VŠE 2014 NEJKRÁSNĚJŠÍ STUDENTKY VYSOKÉ ŠKOLY EKONOMICKÉ, STYLOVÁ PARTY A LUXUSNÍ KLUB SASAZU

10/11. M&R PAMARO CZ s.r.o., Gagarinova 770, Frýdek-Místek, tel.: Kč 337,97 405,56 (s DPH) Kč 329,84 395,80 (s DPH)

10 SEZNAM PŘÍLOH. Příloha č. 1: Reklamní vizuály kampaně Všichni touží po moravském zlatě

Výroční zpráva za rok 2017

Transkript:

«Чехияда кездесейік» жобасына қатысу ережесі (әрі қарай «Жоба ережесі»). «Эфес Қазақстан» ШК АҚ Алматы филиалы «Чехияда кездесейік» жобасының (әрі қарай «Жоба») ұйымдастырушысы болып табылады, орналасқан мекенжайы: 040912, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке а. (мәтін бойынша әрі қарай «Ұйымдастырушы»). 1. Жоба туралы жалпы мәліметтер 1.1. Жоба Ұйымдастырушы брендінің танымалдылығын арттыруға арналған. Жоба лотереяға жатпайды, міндеті Ұйымдастырушының өнімін жарнамалау болып табылатын іс-шара емес, тек қана ақпараттық сипатта және қатысқаны үшін сыйлықтар беру формасында өткізіледі. Жобаға қатысу үшін ақы алынбайды. 1.2. Жобаның жүлде қоры («әрі қарай «Сыйлықтар»): Сыйлықтар Екі адамға арналған Прагаға (Чехия) жолдама Сыйлықтың қолжетімді саны 1.3. Жобаға қатысушылар: Жобаға жиырма бір жасқа толған, осы Жоба ережелерімен келіскен Қазақстан Республикасының азаматы (әрі қарай «Қатысушы») қатыса алады. Жобаға «Эфес Қазақстан» АҚ және оның Алматы филиалындағы қызметкерлер, сондай-ақ олардың жақын туыстары, сондай-ақ Ұйымдастырушымен жұмыс істеу және/немесе қызмет көрсету бойынша азаматтық-құқықтық шарт және басқа да шарт жасасқан жеке тұлғалар қатыстырылмайды. Жобаға қатысушылар ережелерде белгіленген талаптарды ұстануға, Жобаға қатысуға және сыйлықтар алуға байланысты іс-әрекеттердің бәрін ережелерде белгіленген тәртіппен және мерзімде орындауға, сондай-ақ көрсетілген ережелерді сақтамаудың барлық қауіптері мен салдары үшін жауапты болуға міндетті. Қатысушылар өздері берген ақпараттың сенімділігі үшін жеке жауапты болады. www.vstretimsya-vchehii.kz сайтында Жобаға қатысуды тіркеуді растау Қатысушының осы Ережелермен келісетіндігін растайды. 1.4. Жоба өткізілетін аумақ: Қазақстан Республикасы. 3 1

1.5. Жоба өткізілетін орын: Ұйымдастырушы Жобаны Интернет желісіндегі www.vstretimsya-vchehii.kz сайтында (әрі қарай «Сайт») өткізеді. 1.6. Жоба сыйлықтарын табыстау орны: Жоба сыйлықтары осы Ережеге сәйкес анықталған оны алушыларға мына мекенжайда табысталады: «Havas Media Kazakhstan», Жұмалиев көш., 157, Алматы, Қазақстан Республикасы. 1.7. Жоба өткізілетін мерзім: 1.7.1. Жоба өткізілетін мерзім, атап айтқанда, Сайтқа тіркелу және жауаптарды жолдау кезеңі: 2018 жылдың «1» маусымы мен 2018 жылдың «30» маусымы аралығы. 1.7.2. Сыйлық алу құқығына ие болған тұлғаларды анықтау күні және Жоба нәтижесін Сайтқа жариялау күні: 2018 жылдың 3 шілдесі. 1.7.3. Сыйлықтар беру мерзімі: 2018 жылдың 4 шілдесі мен 2018 жылдың 20 шілдесі аралығы. 2. Жобаға қатысу үшін: 2.1. Сайтқа тіркелудің толық рәсімінен өту керек; 2.2. Қатысу ережесімен келісу керек; 2.3. Қатысушылар «2017 жылы Чехияда қанша Velkopopovicky Kozel сырасы сатылды?» деген сұраққа жауап беріп, арнайы жолаққа өздерінің болжамын енгізулері керек; 2.4. Қатысушы жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін промо аяқталғанша апта сайын аптасына бір рет өз жауабын енгізуі керек. 3. Жоба тапсырмасы: Чехия тұрғындары сыраны жақсы көреді, негізінен ең сүйікті сыралардың бірі Velkopopovicky Kozel болып саналады. 2017 жылы Чехияда қанша Velkopopovicky Kozel сырасы сатылғанын таба аласыз ба? Velkopopovický Kozel үш тапқырға арнап ерекше СЫЙЛЫҚ Чехияға баруға арналған екі адамдық естен кетпес жолдама дайындап қойды, бұл сыйлықты еншілеген жандар сыра астанасының мәдениетіне тәнті болып, Velkopopovický Kozel расында да, Чехиядағы ең сүйікті сыра екеніне көз жеткізіп келеді! * Қатысушы жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін промо аяқталғанша апта сайын аптасына бір рет өз жауабын енгізуі керек. 4. Жеңімпазды таңдау критерийлері 4.1. 2018 жылдың 3 шілдесінде Сайтқа дұрыс жауапқа анағұрлым жақын, сондай-ақ Жоба сұрағына дұрыс жауап берген үш жеңімпаздың тізімі 2

жарияланады. 4.2. Бірнеше қатысушы дұрыс жауапқа анағұрлым жақын жауап берген жағдайда жауапты басқаларынан бұрын берген адам Жеңімпаз болып саналады. 4.3. Жобаны өткізу нәтижелері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. 5. Сыйлық алу тәртібі 5.1. Қатысушы Жеңімпаз деп танылған жағдайда мұндай Қатысушы Жеңімпаздардың тізімі сайтқа жарияланған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Сыйлықты қабылдау-өткізу актісінің 2 данасына қол қойып, қажетті мәліметтерді беруге міндетті. Бұл мәліметтерге оның аты-жөні, әкесінің аты, жасы, пошталық индексі көрсетілген тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, ҚР жеке куәлік көшірмесі, шетел паспортының көшірмесі және визаға арналған фотосурет жатады. 5.2. Жеңімпаздар тізімі сайтқа жарияланған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушы оның тіркелу кезінде көрсеткен электронды пошта мекенжайы және телефоны арқылы сыйлық алуға үміткер адаммен хабарласа алмаған; Жеңімпаз Ұйымдастырушының жолдаған электронды хабарламасына жауап бермеген және/немесе сыйлықты алуға қажет құжаттарды Ережеде белгіленген мерзімде әкелмеген жағдайларда Сыйлық талап етілмеген болып саналады. Ұйымдастырушы талап етілмеген сыйлықтарды өз бетінше және өз ұйғарымы бойынша басқаруға құқылы. 5.3. Сыйлық алу үшін Қатысушы Ұйымдастырушыға Қатысушының жеке тұлғасын куәландыратын құжат береді. 5.4 Сапарға баруға қажетті құжаттарды рәсімдеуді (жарамдылық мерзімі 2019 жылдың 31 наурызында аяқталмайтын шетелге шығу паспорты, және басқасы) Жоба Жеңімпазы өз бетінше және өз есебінен іске асырады. Жобаның шарттарына сәйкес осы құжаттардың болмауы немесе оларды Ұйымдастырушыға мерзімінен кешіктіріп беру Жеңімпаз деп танылған тұлғаға Бас жүлде беруден ғана емес, сондай-ақ мұндай сыйлықтың ақшалай баламасын өтеуден де бас тартуға негіз болады. 5.5. Сапарды ұйымдастыруға арналған құжаттарын бергеннен кейін Жеңімпаздың мәліметтерді өзгертуге құқы жоқ. 5.6. Визаны рәсімдеу Ұйымдастырушының есебінен іске асырылады, бірақ виза беруден бас тарту немесе виза ашу үшін Ұйымдастырушыға берілетін құжаттарды мерзімінен кешіктіру Жеңімпазға Сыйлық беруден бас тартуға негіз болады. 5.7. Жеңімпаз Сыйлық алу құқығын басқа тұлғаға бере алмайды. 5.8. Сыйлық ақшалай балама түрінде берілмейді, сондай-ақ қайтаруға және айырбастауға болмайды. 5.9. Жобаны өткізуге байланысты салықтардың бәрін Ұйымдастырушы өз бетінше және өз есебінен төлейді. 3

6. Жоба Қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 6.1. Қатысушының құқықтары: 6.1.1. Жоба шарттарымен танысу және осы Ережеде көрсетілген дереккөздерден ақпарат алу. 6.1.2. Осы Ережеде анықталған тәртіпке сай қатысу. 6.2. Қатысушылардың міндеттері: 6.2.1. Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы; 6.2.2. Шетелге шығуға қажет құжаттардың бәрі болуы. 6.2.3. Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұруға және шетелге шығуға заңнамалық немесе басқа да шектеулердің болмауы. 6.2.4. Осы Ереже мәтінімен танысу және Сайтта Қатысушы берген жеке мәліметтерді өңдеуге және оларды Жоба мақсаттары үшін әрі қарай қолдануға келісім беру. 6.2.5. Қатысушы сауалнамасын толтыру арқылы нақты әрі сенімді жеке мәліметтер беру, атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы. 6.2.6. Ұйымдастырушының немесе оның уәкілетті тұлғаларының сұранымы бойынша Жеңімпазды сәйкестендіру үшін және/немесе осы Ереженің сақталуына қатысты күмән болған жағдайда Қатысушының тіркелу кезінде көрсеткен жасын және тіркелу кезінде көрсеткен мәліметтерінің дұрыстығын растау үшін оның жеке куәлігін беру. 6.2.7. Жобаға қатысуға байланысты жеке шығындардың бәрін төлеу (оның ішінде, Интернетке шығуға және сапарға шығуға қажетті құжаттарды рәсімдеуге байланысты шығындар, басқа да шығындар, оның ішінде сапарды іске асыру барысында туындауы мүмкін шығындар, оның ішінде қосымша орналасу, шай, телефон қоңыраулары, интернетке шығу және басқа да шығындар). 6.2.8. Ұйымдастырушы және/немесе оның уәкілетті тұлғалары берген қажетті құжаттардың бәрін (Сыйлықты қабылдау-өткізу актісі) берген сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде толтыру және қол қою, сондай-ақ барлық құжаттардың сканерін, оның ішінде сапарды іске асыруға қажетті шетел паспортының сканерленген көшірмесін беру. Қатысушының Сыйлықты қабылдау-өткізу актісіне қол қоймауы сыйлық беруден бас тартуға негіздеме болады. 6.2.9. Ұйымдастырушының қауіпсіздік мәселелеріне байланысты талаптарының бәрін ұстану және Ұйымдастырушының барлық ережелері мен нұсқаулықтарын ұстану. 6.2.10. Өмірі мен денсаулығын, жеке мүлкін сақтау үшін толықтай жеке жауапкершілікте болу. 4

6.2.11. Ұйымдастырушы өкілдерінің және үшінші тұлғалардың мүлкіне, өмірі және/немесе денсаулығына келтірілген зияны үшін толық жауапкершілікте болу. Қатысушы (Жеңімпаз) өзі тигізген зиянын/залалын өтеуді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асырады. 6.2.12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және барған елдің заңнамасын сақтау үшін жауапкершілікте болу. 7. Жобаны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері: 7.1. Ұйымдастырушының құқықтары: 7.1.1. Өз ұйғарымы бойынша, біржақты тәртіппен Қатысушы өтінімдерінің бәрін немесе бір бөлігін жарамсыз деп тану, сондай-ақ осы Шарттарды бұзған, деструктивті түрде әрекет ететін немесе осы Жобамен байланысы бар болуы мүмкін кез келген өзге тұлғаны ренжіту, қорлау, қорқыту немесе мазалау ниетімен әрекет ететін кез келген тұлғаның бұл Жобаға әрі қарай қатысуына тыйым салу. 7.1.2. Осы Жобаның кез келген аспектісін жоспарланғандай өткізу мүмкін болмаса, оған компьютерлік вирустың жұғуы, ұялы байланыс желісіндегі ақаулар, кемшіліктер, манипуляциялар, рұқсат етілмеген араласу, фальсификация, техникалық ақаулар, мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынған нормативтік-құқықтық актілердің қабылдауы немесе Жобаны өткізудің іске асуын, қауіпсіздігін, әділдігін, толықтығын немесе тиісті түрде орындалуын бұрмалайтын немесе соған қатысы бар басқа себеп салдарынан туындаған, бірақ мұнымен шектелмейтін белгілі бір себептермен Жобаны өткізуді өз ұйғарымы бойынша және біржақты тәртіппен тоқтату, өзгерту немесе уақытша тоқтату. 7.1.3. Жобаны өткізу шарттары мен мерзімдерін өзгерту. 7.1.4. Сыйлықтар тізімін өз ұйғарымы бойынша өзгерту және/немесе толықтыру. 7.1.5. Егер жеке куәліктегі/паспорттағы мәліметтері сайтқа тіркелу кезінде көрсетілген ақпараттан өзгеше болса, Ұйымдастырушы сыйлықтарды беруден бас тартуға құқылы. 7.1.6. Сыйлық қабылдау-өткізу актісін дайындауға және сыйлықты осы Ережелерде белгіленген мерзімде беруге қажет құжаттарын бермеген кез келген Қатысушыға сыйлық беруден бас тарту. 7.1.7. Жобаға тіркелген сәтте жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларды Науқанға Қатысушылар деп мойындамау және оларға қандай да бір сыйлық беруден бас тарту. 7.1.8. Тиісті тұрғылықты жерлерді немесе әуе компаниясын брондау мүмкін болмаған жағдайда Жеңімпаздың тұратын жерін (қонақүйін), бағдарламасын және бару күнін ауыстыру. 7.1.9. Жобаны Ұйымдастырушы осы Ережені қолдан жасау немесе бұзу, оның ішінде Жобаға қатысуға өтінім беру процесін бұзу арқылы пайда табатын немесе осы Жобаға байланысты кез келген тұлғаны мазалайтын немесе 5

қорлайтын, қорқытатын кез келген тұлғаның осы Жобаға қатысуға берілген кез келген және/немесе барлық өтінімдерін жарамсыз деп тануға, сондай-ақ оның әрі қарай қатысуына тыйым салуға құқылы. 7.1.10. Ұйымдастырушы осы Ережелерде немесе ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда Қатысушылармен жазбаша келіссөз жүргізбеуге немесе басқаша түрде байланысуға құқылы. 7.1.11. Егер Қатысушы алудан бас тартқан сыйлық қайтарылған жағдайда алынбаған Сыйлықтар бойынша талап-тілектерді қарастырудан бас тарту. Сыйлық қайтадан талап етіле алмайды. 7.1.12. Қатысушы Ұйымдастырушыға немесе оның уәкілетті тұлғаларына сұраным жолданған немесе Қатысушының тіркелу кезінде мәліметтерді қате көрсету немесе толық көрсетпеу фактісі не болмаса басқа да Ережелерді және ҚР заңнамасын бұзу анықталған сәттен бастап 3 күннің ішінде ҚР азаматы паспортының көшірмесін (сканерленген немесе өзге) көрсетпеген жағдайда Ұйымдастырушы Қатысушының тіркелу әрекетін тоқтатуға, Сайтқа кіруіне тыйым салуға, сыйлықтар беруден және бұл Қатысушыны қандай да бір жолмен Жобаға әрі қарай қатыстырудан бас тартуға құқылы, сондай-ақ бұл Сайтқа ұялы телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын немесе атыжөнін, әкесінің атын тіркеген кезде осындай мәліметтерді қолданған немесе болашақта қолданатын жеке тұлғаларға да қатысты. 7.1.13. Қатысушы өз атына бірнеше жалған аккаунт (араласып кеткен деңгейге дейінгі өзара ұқсас, бір ір-мекенжайдан бірнеше аккаунт) тіркеген жағдайда, жеңуге берілген мүмкіндігін арттыру үшін жосықсыз әдістерді пайдаланған жағдайда, Ережені немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, сондай-ақ Қатысушы Жоба өткізілетін кезеңде әлеуметтік желілерде 3 және одан да көп байқауға («Чехияда кездесеміз» жобасын қоса алғанда) қатысқан жағдайда Ұйымдастырушы қатысушыны сыйлық алатын үміткерлердің қатарынан шығарып тастайды. 7.1.14. Егер Қатысушы алудан бас тартқан сыйлық қайтарылған жағдайда алынбаған Сыйлықтар бойынша талап-тілектерді қарастырудан бас тарту. Сыйлық қайтадан талап етіле алмайды. Ұйымдастырушы үшінші тұлғалардың жұмыс істеу сапасы мен әрекеттері үшін, оның ішінде пошталық және курьерлік қызметтері үшін жауапты емес. 7.1.15 Қатысушылармен келісе отырып, Ұйымдастырушы Жоба Қатысушыларынан, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сұхбат ала алады, сондай-ақ Қатысушыға қандай да бір сыйақы төлемей-ақ, бейне және графикалық ақпараттық материалдар дайындау үшін түсірілім жасай алады. 7.2. Ұйымдастырушының міндеттері: 7.2.1. Қатысушылардың жеке мәліметтерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңнама талаптарын сақтау. 6

7.2.2. Осы Ережеге сәйкес Жоба шарттарын орындаған Жеңімпаздарға Сыйлықтар беру. 7.2.3. Жобаны өткізуді мерзімінен бұрын тоқтатқан, өзгерткен немесе уақытша тоқтатқан жағдайда Сайтқа осы жайында хабарлама жариялау. 8. Ұйымдастырушы мына іс-әрекеттер үшін жауап бермейді: 8.1 Ұйымдастырушының кінәсінен болмаған Интернет-провайдердің кез келген техникалық ақаулары. 8.2. Қатысушы қосылған ұялы байланыс операторының әрекеті/әрекетсіздігі. 8.3. Қатысушылардың қатысуға және Сыйлық алуға байланысты міндеттемелерін орындамауы (уақытында орындамауы). 8.4. Қатысушылардың осы Ережемен және қатысу шарттарымен таныспауы, сондай-ақ Жобаны өткізу нәтижелерімен таныспауы. 8.5. Жеңімпаздың қажетті құжаттарының болмауы, оларды Ұйымдастырушыға беруді кешіктіру немесе басқа да кез келген себептермен (оның ішінде құзыретті органдардың виза беруден бас тартуы), сондай-ақ өзге құжаттарға, заңға, ауруға қатысты және Сыйлықты пайдаланбауға ықпал ететін басқа да себептермен Сыйлықты пайдала алмауы. 8.6. Қатысушының анық емес немесе қате мәліметтер беруі салдарынан қате немесе қолданылмайтын электронды мекенжайға электронды түрде растайтын хат жолдауы себебінен Қатысушының Сыйлық ала алмауы. 8.7. Қатысушының жұмсаған шығындарын қоса алғанда (басқаларды қоспағанда), оның жіберген қатесінің қандай да бір салдары. 8.8. Жарақат алған, мертіккен жағдайда, сондай-ақ жазатайым жағдайларға тап болған жағдайда. 8.9. Ұйымдастырушы өкілдерінің және үшінші тұлғалардың мүлкіне, өмірі және/немесе денсаулығына келтірілген зияны. 8.10. Қатысушының жасаған әкімшілік, қылмыстық және басқа да заң бұзушылықтары. 9. Жобаның басқа да шарттары: Мынадай жағдайларда Қатысушының Жобаға қатысуы жойылады: - Қатысушының 21 жасқа толмауы; - Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болмауы; - Қатысушы Сайтта өз атына бірнеше жалған аккаунт тіркеуі; - Қатысушы Жобада жеңіске жету мүмкіндігін арттырудың жосықсыз тәсілдерін қолдануы. 7